Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ІІМ шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы "жалақысы жоғары жұмыс" туралы жарнама таратқан. Заңды жұмыс атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.
"Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться