ІІМ: Автобус іс шарасы кезінде 22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

25.06.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ІІМ мәліметінше, рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелген. Оның ішінде 6 мыңға жуығы жолаушылар тасымалы саласына қатысты құқық бұзушылықтар болған.

Тексеру кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарудың екі фактісі, мас күйде көлік жүргізудің төрт дерегі және жүргізуші куәлігінен айырылған үш азаматтың көлік тізгіндеуі анықталды.

Сондай-ақ қалааралық және халықаралық бағыттарда қатынайтын автобустарды заңсыз орындықтармен жабдықтаудың 63 фактісі тіркелген. Нәтижесінде 61 автобус арнайы айып тұрағына қойылып, 102 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Бұдан бөлек, алты жүргізушіге қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық екенін атап өтіп, барлық жүргізушіні, әсіресе жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтарды жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью