Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Аталған жүйе арқылы автомектептердегі оқу үдерісі цифрландырылып, оқу топтарын тіркеу мен есеп жүргізу электронды форматта жүзеге асырылады. Сонымен қатар автомектепті аяқтағаны туралы куәлік толықтай электронды форматқа ауыстырылды. Бұл шешім оқытудан өтпей қысқа мерзімде куәлік беру фактілерін, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
«Автомектеп» ақпараттық жүйесі — ІІМ-нің есебінде тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйе. Жүйенің интеграциялық сервисі Smart Bridge платформасында жарияланған және жалпыға қолжетімді. Қазіргі уақытта аталған платформа арқылы «CarLife» кәсіби бірлестігіне тиесілі «Avtomektep.kz» мемлекеттік емес ақпараттық жүйесі қосылған. Қосылу жұмыстары электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылған.
Сонымен қатар интернетте және әлеуметтік желілерде жүргізушілерді жеделдетілген онлайн курс арқылы даярлау жөнінде ұсыныстар таралып жатыр. Осыған байланысты ІІМ азаматтарға тек ресми автомектептерде толық оқу курсынан өтудің маңызын ескертеді. Әсіресе, автокөлікті басқару дағдыларын қалыптастыру үшін міндетті түрде практикалық сабақтардан өту қажет, ал мұндай дағдыны толықтай онлайн форматта меңгеру мүмкін емес.
Айта кетелік автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылатынын жазған едік.