Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді.
— Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты — қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін, — делінген ІІМ хабарламасында.
Министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату — заң бұзу, мұндай әрекет үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылғанынын еске салды.
— Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз. Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер, оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.
Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Айта кетелік референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.