Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бауыржан Әленовтің айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
"Күдікті Ақтас қаласында. Қазір сараптамалар тағайындалуда. Сараптама нәтижесі шыққан соң қылмыстық іс сотқа жіберіледі және ол заң алдында жауап береді. Бұл мәселе бойынша алаңдауға ешқандай негіз жоқ", – деді спикер.
Оның сөзінше, сараптамалар бір ай ішінде жүргізілуі тиіс.
Бұл ретте, журналистер барлық "сталкерлердің" ақыл-есі тексеріле ме деген сұрақ қойды.
"Бұл кешенді процедура. Бір ай ішінде тексеру жүргізіледі. Сараптама нәтижесін алған соң, қылмыстық іс сотқа жіберіледі. Алаңдаудың қажеті жоқ", – деді вице-министр.
2026 жылғы 1 сәуірде Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктіден екі сараптама алынып, кейін мәжбүрлі емдеуге жібергенін хабарлаған еді.
Еске салсақ, 21 жастағы студент Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысының тарапынан пышақ жарақатын алып, қаза тапты. Күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, 13 қаңтар күні Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталды.
Айта кетсек, марқұм бойжеткен күдіктіні бір жылдан бері танитын көрінеді. Тіпті жігіт қызды алып қашып, мәжбүрлі түрде некеге отырмақ та болған. Алайда, ата-анасы полиция ертіп барып, бойжеткенді алып кеткен. Бұл ретте, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шара қолданылмай, қылмыстық іс қозғалмаған. Оқиғадан кейін де, күдікті Нұрай Серікбайды аңдуын қоймай, қорқытып үркіткен. Ақыр соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.