ІІМ қару айналымын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

09.02.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өз жұмысында қызметтік қаруды пайдаланатын заңды тұлғалармен, атап айтқанда қаруды сақтау орталықтары, қару-жарақ дүкендері, жеке күзет ұйымдары, атыс тирлері, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, аңшылық шаруашығымен қару айналымы талаптарының сақталуын тексеру.

ІІО-да барлығы 2 мыңға жуық осындай нысан тіркелген. 3 күн ішінде 652 нысан тексеріліп, 75 заң бұзушылық анықталды.

Оның 55-і қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзса, 20-сы қаруды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Мысалы, Қостанай қаласында қару сақтау орталығын тексеу барысында қару айналымы қағидаларының бірқатар бұзушылықтары анықталған.

Нысан басшысына тиісті шаралар қабылданып, қару-жарақ бөлмесіндегі қарулар алынып ІІО қоймасына тапсырылды.

Іс-шара аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері нысан басшыларымен, олардың жұмыскерлерімен заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью