Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
- Қадағалау жұмысы төмен деңгейде екенін де айта кету керек. Аймақтарда инспекторлық топтардың жетіспеуі қатты сезіледі. Облыстағы бүкіл акваторияны көлік инспекциясының (Көлік министрлігі) бір қызметкері ғана қадағалайды. Осының салдарынан қауіпсіздік тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Қайықтарды куәліксіз және құтқару құралдарынсыз пайдаланған фактілер анықталған. Құтқару мұнаралары мен медициналық пункттер жоқ. Жалпы су көлігінің қызметі реттелмеген, - деді Ербол Мырзабосынов.
Министр осы мәселелердің шешілмеуі салдарынан былтыр туристердің денсаулығы мен өміріне қатер төнгенін еске салды.
- Заңнамалық реттеу саласында да қалыс қалған тұстар бар. Мысалы, жағажайларды жайластыру жөніндегі ұлттық стандарт тек ерікті түрде жүргізіледі. Ал Ішкі істер министрлігі бекіткен судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы қадағаланбайды, - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелерін қаралып жатыр.