ІІМ тергеушіге пара беру сәті түсірілген видеоны көрсетті

08.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлытау облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру фактісінің жолын кесті. Тиісті видео желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметтерге қарағанда, ер адам алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін тергеушіге сыйақы ұсынған.

"Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша тәркіленді", - деп хабарлады ІІМ.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Тағы оқыңыз: Жақсылық Омардың бұрынғы лауазымы неге әлі бос тұр: әкімдік жауабы

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью