ІІМ Ұлттық ұланы әскери бөлімдерге жасанды интеллект жүйесін енгізе бастады

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жүйе қолданыстағы камераларға қосылып, бейнеағынды тәулік бойы үздіксіз талдайды.

Фото: Ұлттық ұлан

Оның басты ерекшелігі — сарбаздардың күнделікті жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және эмоциялық жағдайын саралауында. Яғни, жүйе тек бейнені тіркеп қана қоймай, сарбаз бойындағы өзгерістерді де анықтап, мінез-құлықтағы күмәнді белгілерге талдау жасайды.

Фото: Ұлттық ұлан

— Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия байқалса, жасанды интеллектке негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді, — деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Абдилов.

Фото: Ұлттық ұлан

Сонымен қатар, бейнематериалдар арнайы платформада сақталады.

Айта кетейік, егер жүйе тиімділігін дәлелдесе, оны басқа әскери бөлімдерге де енгізу жоспарланып отыр.

Айта кетелік Ұлттық ұлан мекемелер аумағын күзетуді толық бақылауына алған еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью