ІІМ заңсыз қаруды анықтап, тәркілеу шараларын күшейтуде

13.03.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і – қылмыстық қару, ал 49-ы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар 2 мыңнан астам оқ-дәрі алынған, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 наурыздан бастап елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында заңсыз айналымдағы қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. 

Іс-шара басталғалы бері:

– заңсыз айналымнан 105 қару, 260-тан астам патрон және 13 жарылғыш құрылғы тәркіленді; – қару мен оқ-дәрі сақталған 19 жасырын орын анықталды; – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару, сондай-ақ полицияның қызметтік жабдықтары тәркіленді. 

Олардың ішінде бір тапанша, екі ойық ұңғылы карабин, 3 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер бар. 

Атқарылған іс-шара барысында азаматтар 10 қаруды ерікті түрде тапсырды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 70-тен астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ Алматы облысында облыстық полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтады. Онда Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді. Ал Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшылық мылтықтарды тауып, тәркіледі.

«Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын еске салады. Сондай-ақ азаматтық жауапкершілік танытып, негізсіз сақталған қару-жарақты тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырады», - деді ведомство мамандары. 

Бүгін, 16:29

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью