ІІМ Жетісайдағы тойда айтылған даулы тілекке байланысты қылмыстық іс қозғады

05.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан ІІМ Қазнетте қызу талқыға түскен Түркістан облысындағы тойда айтылған тілекке қатысты бейнежазба бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде Жетісайдағы тойдан бейнежазба тараған болатын. Онда қалыңдықтың туысы жиналғандарды мерекеде ішімдіктен бас тартып қана қоймай, әншілер мен артистерді "шайтанның азаншысы" деп атап, тойда музыкаға толықтай тыйым салуға шақырған. Сондай-ақ қарт қонақ ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызу керектігін айтқан.

Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар көпшілік алдында айтқан сөздері бейнеленген жазба анықталды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады", - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ Конституция әрбір қазақстандыққа жынысына, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де жағдайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретінін атап өтті.

"Адамның қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке бағытталған кез келген көпшілік алдындағы үндеулерге, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті бұзуы мүмкін әрекеттерге жол берілмейді", - деп атап өтті ведомство.

Министрлік қазақстандықтарға сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті: "заң бұзушылық белгілері бар кез келген жария мәлімдемелерге қатаң құқықтық баға беріледі".

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью