ІІМ жоғары лауазымды полицейге қатысты істі тоқтатты

13.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтің сөзінше, бұған дейін іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" бойынша тергелген, алайда қазіргі уақытта өндіріс тоқтатылды.

"Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды. Бұл ретте сотта жеке айыптау материалдары қаралып жатыр", - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде желіде полиция полковнигі Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпар тарады.

Кейін Ішкі істер министрлігі жоғары лауазымды полицейге қатысты сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру кезеңінде ол қызметінен шеттетілді.

Данияр Мейірхан - полиция полковнигі. 2012 жылдан 2022 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде бөлім бастығынан бастап басқарма бастығына дейінгі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2023 жылдан 2024 жылға дейін ІІМ Қостанай академиясында бөлім бастығынан бастап академия бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

Кеше 22:48 2

2024 жылдың қыркүйегінен бастап - ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары. 2024 жылдың желтоқсанынан - Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап - ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью