Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған кезекті фототұзаққа Қызыл кітабына енген Үнді жайрасының (Hystrix indica) 3 дарағының күндізгі уақытта түсуі — мониторинг жұмысының сапалы нәтижелерінің бірі болды.
Бұл сирек кеміргіш Ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және еліміздің Қызыл кітабының IV санатына енгізілген. Қазақстан фаунасында жайра тұқымдасының жалғыз өкілі болғандықтан, оны қорғау аса маңызды міндет.
— Олар 1200–1700 м биіктіктегі жапырақты орманда мекендейді. Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерді қыстайды. Ін қазып, тасты аңғарлардағы қуыстарды паналайды. Көбіне түнде белсенді. Негізгі қорегі — өсімдіктер, тамыр-түйнек, жеміс пен тұқым. Көктемде көбейеді, қыста ұйқыға жатпайды (белсенділігі төмендейді), — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)
Бүгінде парк аумағында 32 дарақ есепке алынған.
Айта кетелік Алтын-Емел ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген аңдарға санақ жүргізілді.