Іле өзенінде шілде айына дейін балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Инспекцияның 2026 жылдың 16 наурызындағы № 22 бұйрығына сәйкес, балықтардың уылдырық шашу кезеңінде Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде балық аулауға болмайды. Тыйым 25 наурыздан бастап күшіне енеді және 5 шілде дейін жалғасады.

Сонымен қатар инспекция өкілдері облысаралық өзге де су қоймаларында шектеу қойылса, ол туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.

— Қапшағай су қоймасында, Балқаш көлінде, Алакөл көлдер жүйесінде және Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде балық аулауға тыйым салуды енгізу мерзімдері осы су айдындарына зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады, — делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдың 1 наурызынан 31 мамырына дейін Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай, Қайыңды көлдерінде және парк аумағындағы барлық өзен суларында әуесқойлық және спорттық мақсатта балық аулауға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью