Іле жағалауындағы Көшпенділер қаласының қазіргі жай күйі қалай

10.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Іле өзенінің бойында фильм түсіріліміне арнап салынған қалашыққа арада жиырма жылдан астам уақыт өтсе де туристер жиі келеді.

Себебі бұл нысан нақты тарихи шаһар болмаса да, қазақ халқының ортағасырдағы тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қолмен ұстап көруге, сезінуге мүмкіндік беретін бірегей кинодекорация.

Фото: Аслан Қажеке

Ол 2004 жылы «Көшпенділер» фильмін түсіру үшін XVIII ғасырдағы бекініс ретінде арнайы салынған. Кешен 5,8 гектар жерді алып жатыр.

Құрылыс барынша шынайы көрінгенімен негізінен ағаштан және бетіне балшық жағылған пенопласт сияқты материалдардан жасалған. Қалашықтың ішінде зындан, хан ордасы, мешіт, қолөнер шеберханалары мен базар алаңы бар.

Фото: Аслан Қажеке

Осы жылдар ішінде нысан көптеген отандық және шетелдік жобалардың түсірілімінде қолданылды. Оның ішінде «Дневной дозор» фильмі мен танымал әнші Jah Khalib-тің «Медина» бейнебаяны бар.

Сондай-ақ кешен шаңырақ көтергелі жатқан жастар арасында танымал. Мұнда Love Story түсіру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ерлі-зайыптылар аз емес.

Фото: Аслан Қажеке

Дегенмен, 20 жылдан астам уақыт ішінде қалашық тозып, жай-күйі нашарлаған. Бір қабырғасы құлап, не арасында жарықтары пайда болған құрылымдар аз емес.

Нысанды өз көзімен көрген Kazinform тілшісі осылай баға берді.

Фото: Аслан Қажеке

2025 жылдың тамыз айында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Көшпенділер қалашығын Қонаев қаласына сыйға тартты. Енді қала әкімдігі тозып, ескірген қалашықты жаңғыртып, оны туристер үшін тартымды орынға айналдырғалы отыр.

Фото: Аслан Қажеке

Оның алғашқы қадамы да жасалды. Былтыр құрылысы басталған туристік нысанға дейінгі 6,9 шақырымдық жол қолданысқа берілді. Енді Алматы мен Қонаев қаласынан Көшпенділер қаласына баратын жол туристер үшін жеңілдейді.

Фото: Аслан Қажеке

— Бұл кешенге қазір жаңадан жол салынып, оның бойы жарықтандырылды. Мұнда келетін туристер ағынын көбейту мақсатында нысанды толық жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Туристер үшін барлық жағдай жасалады, — деді Alatau визит орталығының өкілі Фариза Сихымбаева.

Фото: Аслан Қажеке

Еске салайық, бұған дейін еліміздің қай өңірлерінде жаңа туристік визит-орталықтар ашылатынын жазғанбыз.

Фото: Аслан Қажеке Фото: Аслан Қажеке Фото: Аслан Қажеке Фото: Аслан Қажеке
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью