Ілиястың Қызылордадағы іздері

25.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде «Ілияс Жан­сүгіров және Қы­зыл­орда кезеңі» атты көшпелі көрме ашылды. «Жыр Құлагері» атанған ақынның Тал­­дықорғандағы әде­би музейінен Сырға жет­кен жәдігерлерді тамашаладық.

Экспозицияда Ілияс Жансүгіровтің тұ­­тынған заттары, сирек қолжазбалар, фото­­суреттері мен құнды ар­хив­тік құжат­тар бар. Ақын­ның Қызылорда ел байтағы атанған тұстағы шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі көрмеде кеңінен қамтылып, сол дәуірдің әдеби-рухани тынысы айқын көрініс тапқан.

Ақын киген былғары плащ пен тік жаға жейде, шы­ғармаларын басқан «Mersedes» маркалы жазу мәшіңкесінің жанына жиналғандар қатары көп екен. Қызылордада шық­қан шығармалары, қаламдастарымен түскен фотолар жа­зықсыз жалалы болып айыпталған кезін­дегі құжаттарға жалғасады. Айып­тау үкімі, жинақ кітап­шасы, төлқұжаты, кей­бір шығармаларының қол­жаз­басы да тұр.

«Ресейде «Выставка одного экспоната» деген жоба бар. Жансүгіров жәді­герлерінің әрқайсысынан сондай көр­ме жасауға болады», дейді Қызыл­орда облыстық тарихи-өлкетану музейі дирек­торы­ның орынбасары Жанат Ахметова.

Ақын атындағы әдеби музей мең­герушісі Нұргүл Жауынбаеваның айтуынша, мекеме орналасқан Талды­қорғандағы ғимарат тарихи нысандар қатарына жатады. «Қосшы» ұйымының өкілі ретінде ақын бірнеше мәрте болған үй оның туғанына 90 жыл толуына орай 1984 жылы музей болып ашылыпты.

«Қазір музейде 6 мың­нан астам жәдігер сақтау­лы тұр. Олардың қата­рында өзі ұстаған заттар мен шығар­маларынан бөлек ілияс­танушылардың еңбектері де бар. Сонымен қатар Ілияс – алғашқы кәсіби білім алған журналист. Қазір қай­раткердің Мәскеудегі Журналистика институында оқыған кезеңіне қатысты құжаттарды іздестіру үстіндеміз. Оқудан кейін Қызылордадағы «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келген ақынға қатысты сондай деректер осы Сыр елінен табылып қала ма деген үмітіміз бар», дейді Н.Жауынбаева.

ҚЫЗЫЛОРДА 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Елорда • Бүгін, 02:45

Ғылым қалашығында қоныс той

Қоғам • Кеше

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Аймақтар • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында орындықтарды алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Аймақтар • Кеше

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

Аймақтар • Кеше

Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды

Қоғам • Кеше

Еңбек ұжымдарынан зиялы қауымға дейін: Қарағанды облысында Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

Ата заң • Кеше

Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды

Қоғам • Кеше

25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз

Салық • Кеше

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады

Футбол • Кеше

Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью