Илон Маск енді триллионер емес

27.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Krisztian Bocsi/Bloomberg

Finratings мәліметінше, Илон Маск өзінің қаржылық жағдайының төмендегенін X әлеуметтік желісінде жариялап, өзін әзілмен «бұрынғы триллионер» деп атады. Бұл жазба көпшіліктің назарын аударып, шамамен 25 миллион қаралым жинаған.

SpaceX биржаға шыққаннан кейін Масктың байлығы шамамен 1,1 триллион доллар деп бағаланған. Кейін акциялардың қымбаттауына байланысты оның капиталы бұдан да жоғары деңгейге көтерілді.

Нұртөре Жүсіп: Қазақтан да Илон Маск шығады

Кәсіпкердің дәулетінің азаюына негізінен SpaceX акцияларының құны әсер етті. Сауда-саттықтың алғашқы кезеңіндегі өсімнен кейін компанияның бағалы қағаздары айтарлықтай арзандап, бұл Масктың компаниядағы үлесінің нарықтық құнына тікелей ықпал етті.

Маск сияқты кәсіпкерлердің капиталы әрдайым өзгеріп отырады. Себебі олардың байлығының басым бөлігі қолма-қол ақша емес, компаниялардағы үлесі мен акцияларының нарықтық бағасына байланысты. Сол себепті жүздеген миллиард көлеміндегі өзгерістер көбіне нақты ақша жоғалтуды емес, активтердің нарықтық құнының өзгеруін білдіреді.

Еске сала кетейік, 12 маусымда Илон Маск триллионер атанған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью