Илон Маск жасанды интеллектінің көмегімен Одиссея фильмін түсірмек

22.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ЖИ иллюстрация

Масктың айтуынша, фильмді оның Grok Imagine жүйесі жасайды. Кәсіпкер картинаны 2026 жылдың соңына дейін көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр.

«Жыл соңына дейін Grok Imagine «Одиссея» поэмасы бойынша тарихи тұрғыдан дәл әрі Гомердің нұсқасындағы толықметражды фильм түсіреді», деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Нұртөре Жүсіп: Қазақтан да Илон Маск шығады

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Масктың бұл шешіміне режиссер Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмінің көңілінен шықпауы себеп болған.

Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды

Айта кетейік, Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі 17 шілдеде әлемдік прокатқа шықты. Режиссер мансабындағы ең қымбат фильмді түсіруге шамамен 250 миллион доллар жұмсаған.

Еске сала кетейік, жақында Илон Масктың байлығы 1 триллион доллардан төмен түсіп, триллионер мәртебесінен айырылған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью