Ілтипат пен ізет үлгісі

28.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін Алғыс айту күні кейінгі жылдары мерекелік күнтізбеде өз орнын тапқаны белгілі. Бұл мереке ХХ ғасырдағы күрделі кезеңде қазақ халқының түрлі этностарға танытқан жанашыр­лығы мен қамқорлығына, кеңпейілдігіне ризашылық рәмізі іспеттес. Уақыт өте келе оның мазмұны кеңейіп, тарихи мәнге ие халықтық мереке ретінде ғана емес, қоғамдағы өзара сыйластық пен сенім мәдениетін нығайтатын құндылық ретінде орнығып келеді.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Алғыс айту – бір күн­дік рәсім немесе ресми құт­тықтаулардың шеңберінде қалатын ұғым емес, бұл – қарым-қатынасты ізгілендіріп, әлеуметтік байланыстарды бекітетін, қоғамдық сенімнің ірге­тасын қалайтын мәдени практика. Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы сенім деңгейі, әлеуметтік капитал, азаматтық жауапкершілік сияқты ұғымдар барған сайын өзекті бола бастады.

Осындай жағдайда алғыс айту мәдениеті қоғамдық коммуникацияны ізгілендіретін ықпалды құрал бола алары хақ. Алғыс алған адам алдымен өзінің қадірін сезінеді, еңбегінің бағаланғанын байқайды, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік оптимизмді арттырады.

Мәселен, жуырда Тараз қаласында жасөспірім қызды айдың-күннің аманында аялдамада тұрған жерінен екі соқталдай жігіттің бас салып көлікке сүйреген оқиғасы дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Сол сәтте қызға араша түсіп, құтқарып қалған аялдамадағы азаматты күн құрғатпай-ақ қыздың әкесі іздеп тауып, алғысын жаудырды. Артынша жігіт ағасын өңір басшысы қабылдап, әрекетін ерлікке бағалап, 500 мың теңге қаржылай сыйақы берді.

Алғыс айту мәдениетін кешенді құбылыс ретінде қарастырсақ, оны кемінде үш деңгеймен дамытуға болады. Алдымен жеке деңгей – отбасында, достар арасында, еңбек ұжымдарында айтылған қарапайым ақ адал алғыстың өзі ортаға жайлылық пен жылулық сыйлары анық.

Екіншісі – қоғамдық деңгей. Азаматтардың бір-біріне, қоғамның түрлі тобының өзара алғыс білдіруі әлеуметтік сенімді нығайтады. Мәселен, волонтерлік қозғалыстар, қоғамдық бастамалар, көршілердің бір-бірін демеп, қолдау тәжірибелері – мұның бәрі ризашылық мәдениетін сатылай дамыта түседі. Яғни қоғамда «жақсылық елеусіз қалмайды» деген түсінік орныққан сайын, азаматтық белсенділік те арта бас­тайды.

Үшіншісі – институционалдық деңгей. Алғыс айту мәдениеті мемлекеттік қызмет көрсету, білім, корпоративтік орта сияқты салаларда да елеусіз қал­мағаны өте маңызды. Қызмет алушының ризашылығы, оқушының мұғалімге, мұғалімнің оқушыға алғысы, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара құрмет – бұлардың барлығы ұйым ішіндегі сенімді қалыптастырып, жұмыс тиімділігін күшейтеді.

Осы ретте халықаралық көкжиекке көз жіберіп көрейікші. Жалпы, әлемдік тәжірибеде алғыс айту ұғымы түрлі форматта келеді. Мәселен, 21 қыркүйекте тойланатын «World Gratitude Day» – халықаралық деңгейде аталып өтетін күн. Негізгі мақсаты – адамдарды бір-біріне, өмірге, табиғатқа және қоғамға алғыс білдіруге ынталандыру. Бұл күні адамдар бір-біріне ризашылық хаттарын жазады, жақындарын аралап алғыс айтады, әлеуметтік желілерде gratitude-акциялар өткізеді, жеке рефлексия жасайды. Яғни адамгершілік пен қоғамдық бірлікке байланған жауапкершілік жүгін көтеретін игі дағды ретінде қанға дарып, сүйекке сіңген.

Қалай десек те, қоғамдағы әр адам алғыс білдіруші де, алғыс алушы да бола алады. Осындай ілтипат пен ізеттің кіршіксіз көрінісі үлкен үрдіске айналса, бүгінде жігіттер жағының қит етсе, жағаға жармаса түсетін жабайы «батырлығы», адамдардың автобус ішінде түртіп кетсе, баж етіп ұрсыса кететін шайпау мінез сынды жағымсыз мінездері сейіле түсер ме еді? Бұл үшін өзара алғыс жаудыруды кеңінен насихаттап, әр азаматтың осы күні кемінде бір адамға алғыс айтуын дәріптейтін қоғамдық челлендждер, әлеуметтік желідегі трендтік бастамаларды тұрақты ұйымдастырсақ, мерекенің маңызын күшейтер еді.

Әрине, бұл ретте медианың рөлі айтарлықтай күшке ие. Қарапайым адамдардың алғыс айту оқиғаларын, күнделікті өмірдегі жанашырлық мысалдарын жария­лау қоғамдағы позитивті көңіл күйді күшейтеді. Бір кездері аула сыпырушы азаматтарға қыстыгүні жылы бәліш пен ыстық шай тарататын белсенділер көбейіп кеткен еді. Уақыт өте осы бір игі бастаманың да соңы сұйылып, хайптық қана деңгейде қалып кетті. Міне, кейінгі жылдары еңбек адамын қайта дәріптей бастаған қозғалыс аясында осындай бастамалар жалпыұлттық сипат алса, қанеки!

Қалай десек те, алғыс айту көбіне қарапайым, елеусіз әрекет болып көрінуі мүмкін. Ол әркімнің бұл әрекетті қалай қабылдағанына байланысты. Алайда дәл осы қарапайымдылық оның әлеуметтік күшін айқындайды. Ризашылық білдіру арқылы адам өзгенің еңбегін мо­йындайды, қарым-қатынастың қаншалықты құнды екенін көрсетеді әрі сезіндіреді. 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью