Иманғали Тасмағамбетов қызметінен ресми түрде кетті

01.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне қырғызстандық Таалатбек Масадыков ресми түрде кірісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол аталған лауазымда Иманғали Тасмағамбетовтің орнын басты. Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін атқарып келген болатын. Бұған дейін бұл қызметті Беларусь өкілі Станислав Зась атқарған еді.

ҰҚШҰ ресми сайтында жарияланған Жаңа жылдық құттықтауда Таалатбек Масадыков ұйымның жаңа Бас хатшысы ретінде таныстырылды. Осылайша, Иманғали Тасмағамбетов өз қызметін ресми түрде аяқтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью