Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Атырау облысында Иманқара аталатын тау бар. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жергілікті жұрт Иманқара тауы деп атағанымен, көк зеңгірмен таласатындай емес. Облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, оның ұзындығы шамамен 2 шақырымға созылады. Ал биіктігі – 200 метр, ені 300 метрден асады.
Таудың батыс баурайында үңгір қазылыпты. Үңгірде үш дәліз бен қосалқы қуыстар бар. Бұл үңгірдің биіктігі – 2, ені – 2,5, тереңдігі 25 метрге жетеді. Бірақ аталған үңгірдің дәл қай жылы қазылғаны жөнінде нақты дерек болмағанымен, түрлі болжам айтылады.
Сондай болжамның біріне тоқталсақ, үңгірді алғашқы қауым адамдары қазуы мүмкін. Алайда бұл болжам әлі күнге дәлелденбей келеді. Тағы бір болжамға тоқталсақ, үңгір орта ғасырларда қолдан қазылып, әулиеге табынатын орын болуы мүмкін.
Таудағы үңгірге қатысты зерттеушілер әрқилы пікір айтқанымен, ортақ тұжырым жасалмаған. Дегенмен, көпшілігі үңгір 1911 жылы қазылған деп болжам жасайды. Жергілікті өлкетанушы Юрий Пастуховтың естелігінде «Ағылшын кәсіпкері Нобель 1911 жылы Ембіде мұнай іздестіруге концессия алған. Сол кезде үңгірді қойма ретінде қазған болуы мүмкін. Өйткені мұнай қондырғысының орны бар», деп жазылған.
Аталған тау сілемінде белгілі археолог, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Самашев археологиялық топпен бірге 1989–1991 жылдары археологиялық қазба жұмысын жүргізіпті. Археологиялық зерттеудің қорытындысына қарағанда, Иманқара тауында алты оба мен біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға жататын қабірлер анықталыпты. Қабірлерден адам сүйектері, қанжар мен қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш ыдыстар табылыпты. Қорғандардың биіктігі 0,5-1 метр аралығында болса, диаметрі 3-15 метр шамасында. Ал 2005 жылы жергілікті археологиялық экспедициясы 18 оба анықтапты.
Археологиялық зерттеуге сәйкес мұнда сарматтардың жерленгеніне тоқтам жасалыпты. Таудың батыс бөлігінде құлпытастар жатыр. Он зират топырақ пен тастан үйілген. Ал бір сағана там бор тасынан қаланған. Сағана тамның көлемі – 3х4 метр. Тақта тектес құлпытастарға салынған ру таңбалары жөнінде әлі толық зерттеу жоқ. Қабірлердің шамамен ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазылған болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.
Бұл мекен неге Иманқара аталған? Бұл атауға қатысты нақты дерек жоқ. Алайда тарихшылар мен өлкетанушылар тау атауын адам есімімен байланыстырады.
«Иманқара тауы әлі толық зерттелмей келеді. Адай көтерілісінің осы таудың маңынан басталғаны туралы деректі зерттеу қажет. Өйткені сол көтерілісте ерлігімен танымал болған батырдың есімімен аталуы мүмкін деген дерек бар. Бұл дерекке жан-жақты үңілген жөн. Таудың тарихын зерделегенде жан-жақты дәлелдерді саралау керек. Аталған мекендегі терең шыңырау қолмен қазылғаны даусыз», деген еді өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев.
Өмірден өткен өлкетанушының естелігінде Иманқарадағы үңгірге 1911 жылы осы өңірден мұнай өндіруге кіріскен Альфред Нобельдің инженерлер штабы орналасқан деген пікір бар. Бұл – шындыққа жанасатындай пікір. Өйткені таудың жазыққа ұласар шетінде ХХ ғасырдағы бұрғылау қондырғысының қаңқасы қалған. Нобельдің үңгірді едәуір кеңейткені жөнінде болжам да жоқ емес.
Зерттеушілер бір нұсқаны Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оқиғамен байланыстыра айтады. Сұрапыл соғыс өршіген 1944 жылы немістер жіберген Түркістан легионының сарбаздарынан құралған әуе десанты дәл осы үңгірді паналаған.
Қалай десек те, Иманқара тауы мен ондағы үңгірдің құпиясы жыл өткен сайын көмескіленуі мүмкін. Өйткені түрлі болжам айтылғанымен, көне тарих көмбесінің кілті ашылар емес.
Атырау облысы
Соңғы жаңалықтар
Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс
Сараптама • Бүгін, 08:15
Саясат • Бүгін, 08:10
Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады
Саясат • Бүгін, 08:05
Газ саласын реттейтін құжат талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:00
Елена Рыбакинаның 20 жетістігі
Теннис • Кеше
Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады
Спорт • Кеше
Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді
Спорт • Кеше
Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Олимпиада • Кеше
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Оқиға • Кеше
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Ата заң • Кеше
Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Президент • Кеше
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді
Ата заң • Кеше
Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді
Аймақтар • Кеше