Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Аталған құжат Салық кодексінің 518-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалған. Бұйрық жобасының негізгі мақсаты — бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың нақты тізбесін бекіту.
— Бұл тізім импортталатын тауарлардың құнын дәйекті етуге бағытталған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін тауарлар бойынша салықтардың дұрыс төленуін қамтамасы етеді. Сонымен қатар бұл шара адал импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестік жағдайларын орнатуға арналған, — делінген құжатта.
Сонымен қатар жобаны іске асыру нәтижесінде импортталатын тауарлардың нақты құны қамтамасыз етіліп, Қазақстанның ішкі нарығында адал бәсекелестік жағдайы орнайды.
Қоғамдық талқылау 26 наурызға дейін.
Айта кетейік, Қазақстанда кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылған еді.