Инабаттың игілікті ізденісі

09.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ол биыл Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбын бітіргелі отыр. Былтырдан бері табиғатқа зиянсыз биопластикті зерттеуді қолға алды. Өнертапқыш оқушының пікірінше, жаңа өнім қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін табиғи қоспалардан дайындалады.

«Бұл биопластиктің қолданыстағы түрінен айырмашылығы көп. Біріншіден, суға төзімділігімен ерекшеленеді. Екіншіден, топырақта бір айдың ішінде 80 пайызға дейін ыдырайды. Жетекшіммен бірге жобаны сынақтан өткізу үшін бірнеше тәжірибелік үлгі әзірледік. Алдағы уақытта зерттеуімді одан әрі жалғастырып, пакет жасауға ниеттеніп жүрмін. Әсіресе тамақ жеткізу қызметі мен дүкендерге арналған қаптама ретінде қолдануға болады», дейді Инабат.

Аталған оқу орнының биология пәнінің мұғалімі Лазифа Қайратханның айтуынша, қазір қолданылып жүрген пластиктен өртенген кезде улы заттар бөлінеді. Топырақтағы пластик жүздеген жыл бойы жойылмауы мүмкін. Пластиктің зардабы адам денсаулығына кері әсер етіп, түрлі аурулардың туындауына себеп болатыны дәлелденген.

«Біздің мектебімізде оқушылар жетекші ұстазымен бірге өз жобаларын жүзеге асырады. Мәселен, пластикалық ыдыстар мен пакеттер жиналып, екінші рет өңдеуге жіберіледі. Екінші рет өңдеу кезінде күйдіреді, жағады. Бұл кезде химиялық қоспалар бөлінеді. Сондықтан біз табиғи жолын іздеуге тырыстық», дейді Инабаттың ұстазы.

Атырау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью