Индер ауданында балық аулап жүрген азамат суға батып кетті

10.06.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

9 маусым күні Бөдене ауылы маңындағы Жайық өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 1993 жылы туған азаматтың мүрдесін суға түскен жерден шамамен 100 метр қашықтықтан тауып, судан шығарды. 

Іздестіру жұмыстарына ТЖД‑ның 17 қызметкері, 4 техникасы мен 3 жүзу құралы, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатыстырылды.

Еске сала кетейік, ол 8 маусым күні кешкі уақытта Жайық өзенінде балық аулау кезінде суға кеткен болатын. 

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:51

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью