Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
11 маусымда Индер ауданы Елтай ауылының қырында дала өрті шықты.
Өрттің неден шыққаны белгісіз. Ауылдың батыс жақ бетіндегі 20 шақырым жердегі "Жырақұдық" учаскесінде орын алған.
— Өрт шамамен 12.30-да басталып, үш сағатқа созылды жалынның бетін қайтаруға күш жұмылдырылып жатыр. Желдің салдарынан жалынды өшіру қиын болып тұр. 20-шақты ерікті адам және ТЖ, Индер мұнай айдау стансасы, ЖК "Кисимов" басқа да мекемелер өрт сөндіру техникасымен көмектесіп жатыр, — дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзин.
Дала өрті әзірге өшкен жоқ, қанша гектар жер жалын құшағында қалғаны белгісіз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бүгін, 15:15