​Индер ауданында жаңа салынған 23 үй әлі берілмей тұр

31.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Индер ауданында өткен жылы 23 үйдің құрылысы бітіп тұрғанымен пайдалануға беруге ешкім асығар емес. 

"Ақ Жайық" анықтағандай, мердігерлер өткен жылы желтоқсан айында баспана құрылысын аяқтаған болатын. Үйлерді аудандық құрылыс бөлімі қабылдап алғаннан кейін аудандық ТҮКШ бөліміне балансқа берген. 

- Бұған дейін кезектегілерге баспана берумен біздің бөлім айналысатын. Енді ол "Отбасы банктің" құзыретіне берілді. Екіарадағы құжаттардың алмасуы бірталай уақыт алды. Сегіз айдан бері тапсырылған үйдің жарығы мен жылуының төлемақысын өзіміз төлеп келдік. Арасында барып бақылап келіп отырмыз, - дейді аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов

Оның айтуынша, жуырда бұл үйлер кезекте тұрған көп балалы, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз, осал топтарға беріледі. 

Жалпы ауданда бұдан бөлек 40-шақты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:22

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью