Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жобаны жан-жақты пысықтап, оны іске асырудың нақты тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Жиында Атырау – Орал автожолын жөндеу жұмыстарының барысына да ерекше назар аударылды. Биыл бұл бағытта жалпы ұзындығы 180 шақырымды құрайтын учаскелерде жөндеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту және шекара маңындағы инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.
Мердігер ұйымдарға құрылыс қарқынын күшейту, белгіленген мерзімдерді сақтау және жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшысының міндетін атқарушы тағайындалғанын хабарлаған едік.
Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылғаны хабарланды.