Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингіде 113-орындағы жапониялық Со Симабукуромен өткізді.
А.Шевченко матчты сәтті бастады — 6:4. Екінші сетте жапониялық теннисші қарымта қайырды — 6:3. Дегенмен үшінші, шешуші партияны Шевченко өз пайдасына шешті — 6:2.
Екі сағат 10 минутқа созылған бәсекеде А.Шевченко 8 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Симабукуро 6 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен таласады.
Өткен жылы Индиан-Уэллс мастерс жарысында финалда даниялық Хольгер Рунені 6:2, 6:2 есебімен ұтқан ұлыбританиялық Джек Дрейпер чемпион атанған еді.
Александр Бублик пен А.Шевченко алғашқы айналымнан аса алмаған болатын. Қазір екеуі де сол көрсеткішін жақсартып отыр.
Биыл доданы екінші айналымнан бастайтын А.Бубликтің қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің экс 2-ракеткасын жеңгенін жазған едік.