Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2,3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, бұл түзетулер жай ғана абстрактілі құқықтық ұғымдарды емес, әрбір адамның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды дүниелерді қамтиды.
«Мәселе күрделі заң терминдерінде емес, әрбір адамға қандай құқықтар туғаннан бері тиесілі, қай құқықтар тек азамат мәртебесімен байланысты және мұның не үшін маңызды екенінде жатыр», деп атап өтті спикер.
Индира Әубәкірова Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары азаматтың құқықтары мен міндеттерінен нақты ажыратылғанын айтты.
«Құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға дүниеге келген сәттен бастап тиесілі. Яғни, мемлекет оларды бермейді және өз қалауы бойынша алып қоя алмайды», деді ол.
Мұндай құқықтар абсолютті әрі ажырамас сипатқа ие және азаматтыққа, ұлтқа немесе әлеуметтік мәртебеге тәуелді емес. Сондықтан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да бұл құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдалана алады.
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Индира Әубәкірова 14-баптың 3-тармағына ерекше тоқталып, азаматтың құқықтары азаматтықпен тікелей байланысты екенін алға тартты. Оның айтуынша, мұндай құқықтар адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысына негізделеді және ол өзара құқықтар мен міндеттердің болуын білдіреді. Осы себепті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтарға ғана тән жекелеген құқықтарды тек заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана пайдалана алады.
Сондай-ақ ол 14-баптың 5-тармағына түсініктеме беріп, құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың шегін белгілеу оларды шектеу деген сөз емес екенін айтты. Бұл шек, керісінше, бір адамның еркіндігі екінші адамның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтірмеуі үшін қажетті тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Конституция жобасында құқықтар мен бостандықтарды іске асыру өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, Конституциялық құрылыстың негіздерін сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен қоғамдық моральды қорғау талаптарымен тығыз байланысты екені айқын көрсетілген.
Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Әубәкірованың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық айқындықты күшейтіп, нормаларды еркін әрі субъективті түрде түсіндіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Экология • Бүгін, 17:01
Қазақстанда жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады
Медицина • Бүгін, 16:58
Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:52
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:44
Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?
Аймақтар • Бүгін, 16:36
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды
Логистика • Бүгін, 16:21
Қонаевта қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Қоғам • Бүгін, 16:00
Энергия тапшылығынан қалай құтыламыз? Министрлік Ұлттық жоспардың жобасын таныстырды
Қоғам • Бүгін, 15:52
Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды
Әлем • Бүгін, 15:43
Ақтөбеде әйел мен үш бала газдан уланып қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:32
Тұрғын үй кезегі қайта жүйеленді: Кімдерге жеңілдік беріледі?
Қоғам • Бүгін, 15:12
Анасы терезеден лақтырып жіберген балалардың жағдайы қалай?
Оқиға • Бүгін, 15:02
Алматыда электросамокаттардың кесірінен 400-ден астам адам жарақат алған
Оқиға • Бүгін, 14:56