Индира Рыстина: Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға ерекше назар аударылды

02.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, Конституцияның 84%-ы жаңартылып, 77 бапқа түзетулер енгізілген, екі жаңа бөлім қосылған. Саяси жүйеде бірпалаталы Парламентке көшу – қоғамға тосын жаңалық емес, себебі соңғы жарты жыл бойы талқыланған. Ал білім мен ғылымға жеке орын берілуі ерекше назар аударуға тұрарлық.

– Елде 120-дан астам жоғары оқу орны жұмыс істейді, жүздеген мың студент білім алады, жастар халықтың шамамен үштен бірін құрайды. Сондықтан білім мен ғылымды Конституция деңгейінде нақты бекіту – елдің дамуына және жас ұрпақтың болашағына арналған стратегиялық шешім. Бұл елдің инновациялық әлеуетін нығайтып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - деді Индира Рыстина.

Саясаттанушы соңғы бес жылда ғылымға жүйелі қолдау жасалғанын атап өтті. Мәселен қаржыландыру артты, жаңа жобалар іске қосылды, зерттеу инфрақұрылымы жаңарды, жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау тетіктері жасалды, кейбір жас ғалымдарға Президент үй берген.

– Бұл шаралар студенттік ортада да қолдау тапты, себебі олар тек оқытуды емес, елдің болашағы мен білім арқылы дамитын қоғамды қамтамасыз ететін жолды көрсетеді. Жаңа Конституция елдің даму бағытын айқындап, білім мен ғылымды басты тірекке айналдырады, - деп түйіндеді саясаттанушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектеновтің жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырғанын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью