Индонезияда паромда өрт шығып, бес адам көз жұмды

02.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Бүгін таңертең Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртеніп, бес адам қаза тауып, 41 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды РИА Новости Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға болған кезде кеме Индонезияның Сурабая портынан Макассар қаласына бара жатқан.

Бортта шамамен 270 жолаушы мен экипаж мүшесі болған, олардың 225-і құтқарылған.

"Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртенгеннен кейін кемінде бес адам қаза тауып, 41 адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

Агенттіктің мәліметінше, өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью