Индонезияда шағын ұшақ апатынан қаза тапқандардың барлығының мәйіті табылды

23.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Индонезияда 17 қаңтардағы ұшақ апатынан қаза тапқан барлық 10 адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы жергілікті Іздеу-құтқару агенттігіне сілтеме жасаған "Рейтер" хабарлады. Макассар қаласына бет түзеген чартерлік рейсте 7 экипаж мүшесі мен балық аулау аумағын бақылаумен айналысқан 3 мемлекеттік қызметкер болған. Апат себебін Индонезияның Транспорт қауіпсіздігі жөніндегі Ұлттық комитет тергейді. Мамандар қазір "қара жәшіктегі" мәліметтерді зерделеп жатыр. Қайғылы оқиға Оңтүстік Сулавеси провинциясындағы таулы аймақта болған еді, сондықтан іздеу операциясы 1 аптаға созылды. Мәйіттерді тасымалдау ісі әлі жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью