Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Комитет мәліметінше, отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.
— София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында 2 қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.