Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
2025 жылдың 21 желтоқсанында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Индонезия Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.
Келісім тауарлардың 90%-дан астамына бажсыз сауда режимін енгізуді көздейді. Жекелеген тауарлар үшін 3 жылдан 15 жылға дейінгі өтпелі кезең қарастырылған. Нәтижесінде ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін Индонезиядағы орташа импорттық баж мөлшерлемесі 10,2%-дан 2%-ға дейін төмендейді.Бұл қадам қазақстандық ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің Индонезия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасайды.
Келісімде сондай-ақ сауданы қорғау шаралары, кедендік ынтымақтастық, техникалық және санитариялық талаптар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, электрондық сауда және экономикалық ынтымақтастық мәселелері қамтылған.
Анықтама:
2024 жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы – 300,5 млн АҚШ доллары (+4,9%). Қазақстаннан экспорт – 120,8 млн АҚШ доллары (+26,8%). Индонезиядан импорт – 179,8 млн АҚШ доллары (–6%).Бүгін, 17:23