Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 27 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран ауданында орналасқан №59 "Айша" мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші баланы ұрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Педагог қызметкердің балаларға қатысты кәсіби әдепке сай емес әрекеттеріне байланысты келеңсіз жағдай тіркелді, дейді қалалық білім басқармасы.
Балабақшаның мектепалды тобының тәрбиешісі балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен. Шприцпен қорқытып, қол көтергені анықталды.
"Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша прокуратура, қалалық полиция департаменті, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді", - дейді басқармада.
Оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен білім басқармасы тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде зерделеніп жатыр.
Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға берілетін болады, дейді басқармада.