Инфекцияның 40 пайызына антибиотик әсер етпейді

24.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әлемде инфекциялардың 40 пайызына антибиотиктер әсер етпейді. Яғни қазір көп аурудың бетін дәрімен қайтару қиын. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, бұл көрсеткіш жылда 5-15 пайыз өсіп келеді. Келешекте оған қарсы тиімді ем табылмаса, салдары ауыр болуы мүмкін. Әсіресе Оңтүстік Шығыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдерінде жағдай күрделі. Мұнда инфекция жұқтырған әр үшінші науқасқа антибиотик әсер етпейді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы бес жылда антибиотиктер мен оған қарсы тұра алатын инфекциялар бойынша ортақ деректер жүйесін құруды ұсынды. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Ғылым мен медицина бактериялардың эволюциясына ілесіп үлгермей жатыр. Сондықтан адамзат басқа амалын іздеуі керек. Біздің болашағымыз инфекциялардың алдын алу, диагностика және емдеу тиімділігіне, сондай-ақ жаңа буын инновациялық антибиотиктер мен молекулалық экспресс-тесттердің дамуына байланысты болмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью