Инфляция баяулай бастады: қияр бір жылда 40,9%, қызанақ 16,5% арзандады

01.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

2026 жылғы наурызда айлық инфляция деңгейі 0,6% құрады, ақпанмен салыстырғанда бағаның өсу қарқыны 0,5% тармаққа баяулады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Баға өсімінің баяулауы барлық құрамдас бөліктерде де байқалды: азық- түлік тауарларының бағасы 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті. 

Азық-түлік арасында бір ай ішінде баға қиярға – 22,6%, пиязға – 10,9%, қызанаққа – 2,6%, қырыққабатқа – 1,9%, қарақұмық жармасына – 1,2%, шоколадқа бөккен кәмпиттерге – 0,9% төмендеді. Бұл орайда баға тәтті бұрышқа – 10,7%, бананға – 5,4%, қызылша мен сәбізге – 4,2%-дан, майлылығы 2-3% айранға – 2,3%, балға – 1,8%, қантты печенье мен сиыр бауырына – әрқайсы 1,3%-дан өскен. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш бағасы 8,2%, үтік – 7,7%, смартфон – 2,7%, автомобильдер – 2,3%, әйелдер сөмкесі – 2,1% төмендеген. Бағаның өсуі алтын сақина, ас үй пеші – 5,5%, теледидар – 4,1%, сымсыз құлаққаптар – 2,2, корвалол – 1,7%, қолға жағатын крем – 1,4%, цементке – 1,3% байқалды. Қызметтер арасында бассейнге бару (абонемент) бағасы 3,3%, электрик қызметтері – 2,1%, кариесті емдеу – 1,6%, қалааралық автобуста жол жүру – 1,1%, автомектепте оқу курстары 0,8% өскен. 

Жылдық инфляция мәні 2026 жылдың наурызында 11% құрады және ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10% өскен. Жылдық мәнде қияр бағасы 40,9%, қызанақ 16,5%, баклажан 14,8%, күріш 5% арзандаған. Керісінше бір жыл ішінде алма 13,5%, сұлы 12,9%, кеспе 12%, қара шай 6,7% қымбаттаған. 

2025 жылдың наурызымен салыстырғанда сусабынның бағасы 13,9%, кір сабын – 7,3%, жайма дастархан – 6,5%, тұсқағаз – 3,3%, бөлме өсімдіктері – 3,2% өскен. Қызметтер арасында сәлемдемелерді жеткізу бойынша курьер қызметінің бағасы 14,3%, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер – 10,8%, теледидарды жөндеу – 7%, балаларды дамыту орталықтарының қызметтері – 6,9% қымбаттаған. 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады. 

2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью