Інісі пайызбен ақша берген : Үйге терезеден кіргендер әйелді аяусыз соққыға жықты

24.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Леңгір қаласында 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер аяусыз соққыға жықты. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 22 тамызда сағат 01:30 шамасында болған. Жәбірленушінің үйіне белгісіз біреулер терезе арқылы кірген. Сөйтіп, үйде жатқан әйелді аяусыз ұрып-соққан. Бұдан бөлек, оның ұялы телефонын алып кеткен.

Бұл үйде негізінен жәбірленуші әйелдің 82 жастағы анасы мен 52 жастағы інісі тұрған. Ер адам қарызға пайызбен ақша берумен айналысқан. Ал соққыға жығылған әйел Төлеби ауданының тумасы. Ол оқиға болатын күні анасының қасында болу үшін келген. Ал інісі Дубайда демалып жүрген.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – дейді Түркістан облысының полиция департаменті.

Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью