24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Цифрлық құралдар мен жасанды интеллект инклюзивті білімді жеңілдетеді. Қазір бұл жүйе ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кәдімгі мектептерде құрдастарымен бірге оқуға көмектесіп келеді.
Бұл туралы Алматы қаласында өткен республикалық тәжірибелік семинарда айтылды. Мұғалімдерге жасанды интеллекттің мектеп логопедінің көмекшісі ретінде қалай жұмыс істей алатыны көрсетілді. Бірнеше минуттың ішінде интерактивті тапсырмалар жасау жолдары үйретіліп, психикалық дамуы тежелген балаларды мультисенсорлық оқытумен таныстырды. Сондай-ақ технологияның көмегімен сабақ үстіндегі алаңдаушылықты төмендету тәсілдері талқыланды. Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру және мектепте жайлы инклюзивті орта құру жайы қарастырылды.
Бинегүл Тасмағанбетова, «Қалалық білім басқармасы білім берудегі жаңа технологиялар» ҒӘО әдіскері:
- Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған көмекші құралдар ұсынылды. Бұл құралдар балалардың сөйлеу тілін, ойлауын, жадын және басқа да қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мамандар осындай жаңалықтарды меңгерулері тиіс.