Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мемлекет осы бағыттағы қолдау шараларына ден қойып отыр. Мәселен, елде 515 мамандандырылған ұйым жұмыс істейді. Соның 46-сы арнайы балабақша және 99-ы арнайы мектеп.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар саны 114-ке жеткен. 231 түзету кабинеті, 11 аутизм және 14 оңалту орталығы бар. Өңірлерде 1200-ден астам қолдау кабинеті құрылды. Ал аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдар тізбесіне енген. Мүгедек жандар үшін колледждерге қабылдау квотасы 1 пайыздан 10 пайызға дейін ұлғайтылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы дайындалды.