Инновация дамытатын алаң | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Елімізде ресми түрде инженерия мен жоғары технологиялар сала­сындағы әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым – Электртехника және электроника инже­нерлері институтының (IEEE) өңірлік бөлімшесі құрылды.
Ғылым және жоғар білім министрлігі мәлімдегендей, бұл инженерлік және цифр­лық инновацияларды дамытуға арналған жаңа платформа болмақ.
Маңызды бастаманың жүзеге асуына Astana IT University әрі Халық­аралық ақпараттық технология­лар университеті елеулі үлес қос­ты.
Аталған университеттер «IEEE» қызметін дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі ретінде танылып отыр.
Айта кетейік, «IEEE» бүгінде әлемнің 190-нан астам елінде 500 мыңнан аса маманды біріктіреді.
Елімізде ресми секцияның ашылуы елдің жаһандық ғылыми-тех­нологиялық кеңістіктегі рөлі­нің артып келе жатқанын көрсетеді.Сондай-ақ Astana IT University-дің инженерлік білім мен цифрлық инновациялардың жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
Осы орайда «IEEE Kazakhstan Section» төрағасы, Astana IT Univer­sity профессоры Дидар Еділ­хан: «IEEE Kazakhstan Section қазақ­стандық инженерлер мен зерттеу­шілерге IEEE-дің жаһандық сараптамасына, халықаралық кәсіби қауымдастықтарға, озық техно­логиялық тәжірибелерге тікелей жол ашады.
Читать полностью
Читать новость