Институционалдық демократия бағыты: еліміздегі конституциялық реформа жөнінде сеулдік сарапшының көзқарасы

12.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сарапшы Қазақстандағы институционалдық демократияның бекіп келе жатқанын айтады. Оның сөзінше, еліміз бұрынғы суперпрезиденттік жүйеден билік институттарының тепе-теңдігі сақталатын президенттік жүйеге ауысып жатыр.

– Реформаның басты элементі – Мемлекет басшысының қолында шексіз құзырет болмайды. Заң шығарушы биліктің ықпалы күшейіп, шешім қабылдау үдерісі институцияландырылып келеді, – дейді Ли Ок Рен.

Оңтүстіккореялық маманның пікірінше, вице-президент институтының енгізілуі – халықаралық қауымдастық пен инвесторларға елдің саяси тұрақтылығы жөнінде маңызды белгі. Өйткені бұл институт «саяси вакуумның» пайда болуына жол бермейді. Сондай-ақ билік ауысуы кезіндегі нақты тәртіпті қамтамасыз етіп, билік ізбасарын белгілейді.

Сарапшы реформаның тағы бір озық қырын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Ата заң жобасы адам құқығын қорғау жүйесін күшейтеді. Құжаттағы кінәсіздік презумпциясы, білікті адвокат көмегіне жүгіну құқығы, заңсыз алынған дәлелдерге қолдануға тыйым тәрізді нормалар халықаралық стандарттарға сай.

– Әсіресе, «цифрлық конституционализмге» айрықша назар аударуға болады. Жаһандық цифрландыру дәуірінде жеке деректерді қорғау, байланыс және қаржылық ақпаратты құпия сақтау мәселелерін конституциялық деңгейде бекіту Қазақстанды әлемдегі алдыңғы қатарлы құқықтық жүйесі бар елдердің қатарына қосады, – дейді ол.

Сонымен қатар ұлттық суверенитет, зайырлылық ұстанымы, ғылым-білімге басымдық беру – мұның бәрі дамыған мемлекеттердің Констиуция модельдерімен мазмұндас құндылықтар

– Жалпы алғанда, жобаны тиімді өтпелі модель деп бағалауға болады. Бұл – бұрынғы жүйеден кілт қол үзу емес, демократияны тереңдетуге саналы түрде сатылап көшу, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасына енгізілген билік институттарының тепе-теңдігі нормасы саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және заманауи қоғамның талаптарына сай келеді.

Айта кетейік бұған дейін жаңа Конституция жобасында адамның қоғам мен мемлекет дамуындағы орны айқын екенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью