Интер футбол клубы қазақ тілінде жазба қалдырды (ВИДЕО)

05.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. "Интер" футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында "Қайратқа" қарсы ойын алдында қазақ тілінде жазба жариялап, Диего Симеоненың соққан голын көрсетті.

Видеоны қазақша әнмен әрлеген.

"Симеоне дербиде нақтылық пен қабілетке толы гол соқты. Осындай контент үшін фоллай бас", – деп жазылған клубтың ресми парақшасында.

Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де өтеді.

"Қайрат" сырт алаңда ойнайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью