Интернет алаяқтардан қайтырлған қаржының көлемі жарияланды

03.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтардан қайтарылған қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сілтеме жасап.

Қазақстанда жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың саны 7 процентке төмендеді. Себебі ондай қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды.

"Жәбірленушілерге 4,8 миллиард теңге қайтарылды. Ұлттық банкпен бірлесіп, тағы 2,6 миллиард теңгені заңсыз алуға жол берілмеді. Сонымен қатар профилактикаға көп көңіл бөлініп жатыр. Жетекші платформалармен бірге біз азаматтарға ең көп таралған алдау схемалары туралы айтамыз, тәуекелдер туралы ескертеміз және халықтың цифрлық сауаттылығын арттырамыз", - дейді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Әлібек Оразалы.

Осы уақытқа дейін операторлармен бірге 150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды. Ал шетелдік полицейлермен бірлесіп бірнеше халықаралық алаяқтық call-орталықтардың қызметі тоқтатылды.

"Алайда ешқандай технология жеке қырағылықты алмастыра алмайтынын ескерткіміз келеді. Ешқашан бөгде адамдарға SMS кодтарын, банк карталарының деректерін бермеңіз және белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша бағдарламаларды орнатпаңыз, олар банктің, байланыс операторларының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып хабарласуы мүмкін", - дейді полицейлер.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью