Интернет алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды

22.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысының прокуратурасы «Антифрод-орталығы» арқылы қаражатты қайтару тәжірибесін кеңейтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Жетісу облысында интернет-алаяқтыққа қарсы күресте цифрлық құралдарды қолдану жүйелі тәсілге айналуда. Шоттарды бұғаттау және ақшаны қайтару бойынша кезекті сәтті кейс қадағалау органы таңдаған стратегияның тиімділігін растайды.

Осы стратегияны іске асыру аясында Қаратал ауданының прокуратурасы Ұлттық Банктің «Антифрод-орталығы» платформасы арқылы жедел әрекет ету алгоритмін енгізуді жалғастырды. Бұл жұмыстың практикалық нәтижесі – өңір тұрғынына 600 000 теңге көлеміндегі қаражаттың қайтарылуы болды. Сәттіліктің басты факторы – алаяқтар ұрланған активтерді таратып жіберуге тырысқан шоттар тізбегінің қас-қағым сәтте бұғатталуы.

«Аталған шара ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қолданылды. «Антифрод-орталығы» жүйесінде оқиғаны тіркеу нақты уақыт режимінде ақша қаражаты түскен банктік шоттарды анықтауға және оларға дер кезінде шектеу қоюға мүмкіндік берді», дейді Қаратал ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Қанат Нұхаев.

Жұмыстың тиімділігі нақты сандармен расталады

2025 жылы «Антифрод-орталық» бағдарламасы аясында облыс прокуратурасы 11,198 млн теңге сомасына күдікті транзакцияларды бұғаттады, оның 5,3 млн теңгесі заңды иелеріне қайтарылды, қалған активтер бойынша жұмыс жалғасып жаты.

Жетісу облысының прокуратурасы ескертеді

Киберқылмыспен күресте уақыт факторы шешуші рөл атқарады. Құқық қорғау органдарына уақтылы жүгіну және транзакциялар туралы мәліметтерді ұсыну – қаражатты бұғаттау мен қайтарудың жоғары мүмкіндігіне кепілдік береді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым міндеттер болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Қазақстан • Бүгін, 09:40

22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Ата заң • Кеше

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Ата заң • Кеше

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Кеше

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Кеше

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Кеше

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Кеше

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Кеше

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Кеше

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Кеше

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью