Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Интернет-платформа операторының салық агенті ретінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен өзара есеп айырысу кезінде туындайтын міндеттемелері қандай?
Салық кодексінің 720-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығының (ЖТС) сомасын есептеу салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшерлемені қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) бойынша жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі – 0%, ал әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесі – 4% (МЗЖ – 1%, ӘӘЖ – 1%, МӘМС – 1%, ЖЗЖҚ – 1%)
Осылайша, 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейді.
Салық кодексінің 721-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, интернет-платформа операторы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын және интернет-платформаны пайдалана отырып қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың табыстарынан тек әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару бойынша салық агенті болып табылады (себебі ЖТС =0).
Бұл ретте, интернет-платформаны пайдаланбай алынған табыстар бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғаның өз тарапынан дербес орындалады.
Бұған дейін салықтық есептілік нысанын кері қайтарып алу, шегерімдер, ЖК есептілік нысандары жайлы нені білу керектігін жазғанбыз.