Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» бағыты іске қосылып, запастағы офицерлерді даярлау ауқымы кеңейтілді. Қазір бұл бағытта 35 студент білім алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазіргі таңда ұшқышсыз басқарылатын аппараттар әскери салада маңызды рөл атқарып отыр. Технологиялық даму мен қақтығыстар сипатының өзгеруіне байланысты дрон операторлары ұрыс алаңындағы негізгі мамандардың біріне айналып келеді.
Жаңа бағдарлама барлау және топогеодезия бағыты бойынша жүргізіледі. Болашақ офицерлер дрондарды басқарумен қатар деректерді талдау, жергілікті жерді бағдарлау, шешім қабылдау және командалық құрамда үйлесімді әрекет етуді меңгереді. Олардың ішінде 15 студент оператор, ал 20 студент есептоп командирі ретінде дайындалып жатыр.
Оқытудың бастапқы кезеңі арнайы жабдықталған сыныптарда өтеді. Мұнда кәсіби басқару пульттері бар автоматтандырылған жұмыс орындары қарастырылған. Курсанттар алғашқыда тренажерлерде дайындалып, тек нормативтерді тапсырғаннан кейін ғана нақты ұшуларға жіберіледі.
Тәжірибелік сабақтар ішкі полигонда және күрделі жағдайларда өтеді. Болашақ операторлар әуе барлауын жүргізу, нысандарды анықтау, деректерді нақты уақытта жеткізу және интернетсіз автономды байланыс арналарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Дайындықтың соңғы кезеңінде студенттер атыс жүйелерімен интеграцияланған жұмыс істеуді үйренеді. Олар нысанның нақты координаттарын анықтап, оқ атуды реттеу және тапсырмаларды жоғары дәлдікпен орындау машығын қалыптастырады.
«Мамандарды даярлау теориялық білімді, практикалық дағдыларды және студенттердің мотивациясын ескере отырып жүргізіледі. Командалық жұмыс пен жоғары технологиялық техниканы басқаруға деген кәсіби қызығушылыққа жіті көңіл бөлінеді. Болашақ офицерлер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқару жарыстарында табысты өнер көрсетіп жүр. Соның ішінде AITU KazRoboDrone сайысындағы нәтижені айтуға болады. Өткен жылы университет командасы республикалық деңгейде бірінші орын, ал халықаралық аренада төртінші орын иеленді», деді «Арнайы әскерлерді ұрыста қолдану» циклының басшысы запастағы подполковник Марат Истемесов.
Дайындық толықтай тәжірибеге негізделген. Курсанттар виртуалды тренажерлерден бастап күрделі тактикалық тапсырмаларды орындауға дейінгі кезеңдерден өтеді. Оқу барысында заманауи барлау дрондары мен FPV-дрондар қолданылады.
Студенттер техника құрылымын меңгеріп, аппараттарды жинау және бағдарламалау дағдыларын игереді, сондай-ақ шектеулі байланыс пен радиоэлектрондық кедергілер жағдайында әрекет етуге үйренеді.
Соңғы жаңалықтар
Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды
Әскер • Бүгін, 17:15
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы • Бүгін, 16:58
Премьер-министр өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрекет етуді тапсырды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:20
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:08
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
Парламент • Бүгін, 15:59
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қоғам • Бүгін, 15:50
Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:38
Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды
Туризм • Бүгін, 15:22
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Экономика • Бүгін, 15:07
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 14:59
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қоғам • Бүгін, 14:38
Надежда Рябец бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Бокс • Бүгін, 14:25
KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді
Білім • Бүгін, 14:10
Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді
Аймақтар • Бүгін, 13:45