Интим фото, видео дәлелдейтін махаббат емес… : Ләйлә Сұлтанқызы жастарға кеңес берді

19.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде интим фото, видеолар көп таралып жатқанына алаңдаушылық білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Осыған байланысты жастарға қауіпсіздікті алдыңғы орынға қоюға кеңес берді.

«Мынау WhatsApp-қа, қолдан қолға өтіп жүрген интим видеолар бәле болды… Қазір ең қауіпті нәрсе қару емес, адам туралы «компроматтың» телефонда сақталуы мен оның таратылуы. Ешқандай жеке шекара, рұқсат, этика қалмай барады. Бір кезде «жаным» деген адам, ертең ашумен, хайп үшін, абайсызда немесе әдейі сенің ең әлсіз жеріңе соққы беруі мүмкін. Сол үшін жігітке де, қызға да айтарым: 
махаббатқа сенуге болады, бірақ өз қауіпсіздіктеріңді ешқашан ұмытпаңыздар», - деді тележүргізуші.

Сондай-ақ махаббат дәлелдеуді қажет етпейтінін еске салды. Интернетке шыққан дүние толық өшпейді. Сондықтан манипуляция құрбаны болудан сақ болған абзал.

«Интим фото, интим видео, пароль, жеке хат. Бұның бәрі біреуге дәлелдейтін махаббат емес. Бұл ертең өзіңе қарсы қолданылуы мүмкін құрал. «Маған сенбейсің бе?», «Мен ешкімге көрсетпеймін», «Біз отбасы боламыз ғой…». Осындай сөздерге сеніп, манипуляция мен шантаждың құрбаны болып қалмаңыздар. Махаббат дәлелдеуді сұрамайды. Өзіңді қорға. Өзіңді сыйла. Себебі интернетке кеткен дүние ешқашан толық өшпейді. Сосын заң бар екенін де ұмытпайық.
Біреудің интим фото/видеосын рұқсатсыз тарату - қылмыс. Ондай әрекет үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылған», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью