Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Тізбеге мынадай 18 медициналық көрсетілім енгізілді:
көздің көрмеуі;түзетумен екі көздің көру жітілігінің 0,03-ке дейін төмендеуі;ауыр дәрежедегі вестибулярлық-мишықтық бұзылыстар;ауыр дәрежедегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;ауыр дәрежедегі паркинсонизмнің акинетикалық-ригидті түрі;ауыр дәрежедегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез және тетрапарез;ауыр дәрежедегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия және диплегия;қан айналымы мен тыныс алу функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы: қан айналымының III сатыдағы жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныптағы стенокардияға сәйкес коронарлық жеткіліксіздік, өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің II–III және III сатыларымен қатар жүретін III дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар;несеп шығару жүйесі функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде диализ терапиясын алатын адамдар;ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;протездеуге келмейтін екі санның ампутациялық тұқылдары;протездеуге келмейтін, қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуына әкелетін аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі жамбас немесе тізе буынының анкилоздары мен контрактуралары және буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;заңды өкілдің бірге жүруін қажет ететін мінез-құлықтың ауыр бұзылыстарымен сипатталатын психикалық аурулар;иммундық жүйенің ауыр дәрежедегі туа біткен бұзылыстары.Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда комада жатқан пациенттерге мүгедектікті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілгені хабарланған еді.