Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53 ші орынға көтерілді

23.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Аталған рейтинг Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігіне халықаралық деңгейде сенімнің артқанын көрсетеді. Осылайша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, экономикасы ірі бірқатар мемлекетті де басып озды.

Рейтингте тартылған инвестиция көлемі емес, елдегі инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бағаланады. Сарапшылар макроэкономикалық тұрақтылықты, мемлекеттік басқару сапасын, саяси және валюталық тәуекелдерді, реттеуші ортаның тиімділігін және экономиканың сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін ескерген.

Қазақстанда 6 айда инвестиция көлемі 9,5 трлн теңгеден асты

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның жоғары көрсеткіші халықаралық инвесторлардың елді жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында да сенімді әрі болжамды инвестициялық бағыт ретінде қабылдайтынын аңғартады.

Мемлекеттік органдардың мәліметінше, инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыру мемлекеттік институттардың тиімділігін күшейтуге, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және бизнесті жүргізудің ашық әрі түсінікті шарттарын қалыптастыруға негізделген.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр

Мамандардың пікірінше, оң үрдістің сақталуы Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартып қана қоймай, шетелдік инвесторлардың сенімін арттырып, ел экономикасының тұрақты өсуіне және жаһандық инвестициялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің күшеюіне ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда шағын және орта бизнес үлесі 40,9%-ға дейін өскенін мәлімдеді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью